Шын жүректен қолдаймыз

Гүлнара Мұхамеджанова,
«БМСК денсаулық сақтау қауымдастығы» ҚБ төрайымы:

Алматы қаласының тұрғыны ретінде, ерекше жағдайды атап өткім келеді. Біздің жасыл қаламыз қайта құруды қажет ететіні рас. Бүгінде экологиялық дамудағы атқарылып жатқан көгалдандыру мен саябақтардың ашылуы қала өмірінің жандануына тікелей әсер етіп отыр. Сондықтан, жасылдандыру бағытында шешімдер қабылдау, инфрақұрылым құру, халыққа ыңғайлы болу үшін қала басшылығы, атап айтқанда, біздің қала тұрғындарының қажеттіліктерін білетін және бүгінгі күні өзекті болып отырған мәселелерді назарда ұстайтын әкім алдыға нақты әрі дұрыс жоспар қойды деп ойлаймын. Мен денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылдық тәжірибе жинаған дәрігер ретінде, қала үшін екінші дем беретін шағын алаңдар, саябақтар құру тұрғысынан экологияны жақсарту, өзекті мәселелердің бірі деп айтқым келеді. Сол себепті, барлық осы жобалардың жүзеге асуына тілектеспіз. Ал тұрғын ретінде қаланың экологиясын қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін кез келген бастаманы, шын ниетіммен, қолдаймын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *