Швейцарияда пойыздар рельстен шығып кетіп, 12 адам зардап шекті

Швейцарияда пойыздар рельстен шығып кетіп, 12 адам зардап шекті
сурет:russian.rt.com

Теміржол апатынан 12 адам зардап шекті.

Берн кантонында 2 жолаушы пойызының вагондары рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Теміржолдағы апаттан 12 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен. Жарақаттанған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Бір адам ауыр халде жатыр.

Теміржол операторының мәлімдеуінше, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін. Оқиға болған сәтте жақын маңдағы өлшеу стансасы желдің екпіні сағатына 136 км болғанын тіркеген.