Швейцария санитарлық рұқсат қағазын енгізбек

Швейцария санитарлық рұқсат қағазын енгізбек Сурет: Atorus.ru

Швейцария жаңа санитарлық ережелер енгізуде


13 қыркүйектен бастап елде вакциналау сертификаты, коронавирустың жоқ екенін растайтын тесттің теріс нәтижесі немесе қауіпті дертпен ауырғаны жайлы анықтаманы мейрамханалар, театрлар, кинотеатрлар мен фитнес-орталықтарда тексеретін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Euronews.com-ға сілтеме жасап. 


Жаңа енгізілетін шара мыңнан астам адам қатысатын ашық далада да қолданылады. Санитарлық рұқсат құжаты 16 жастан асқан барлық швейцариялықтарға қажет болмақ. 


Ел билігі мұндай қосымша шараларды жұқтыру деңгейінің көбеюіне байланысты енгізіп отыр: мұнда күніне COVID-19-ды жұқтырудың 3 мыңға жуық жаңа оқиғасы тіркеледі. Осыған ұқсас деректер сәуір айында тіркелген болатын. 


Министерлер кабинетіндегілер ауруханалардағы жағдайдың өте күрделі екенін, ал қарқынды терапия бөлімдері науқастарға барынша толғанын мәлімдеді. Кей жерлерде науқастарды тіпті басқа қалаларға тасуға тура келіп тұрған көрінеді. Биліктегілер бұның баламалы нұсқасы тек қана локдаун енгізу деп толықтырды.  


Бүгінгі таңда Швейцария тұрғындарының жартысынан астамы вакцинацияның толық курсынан өткен. 






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16