Швеция НАТО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды

Швеция НАТО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды
Cурет: Ашық дереккөз

Одаққа кіру туралы шешім Финляндия Парламентінде 16 мамырда талқыланды

Швеция СІМ басшысы Анн Линде елдің НАТО-ға кіруі туралы өтінішке қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Анн Линде Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта НАТО-ға мүшелік ету - Швеция үшін ең ұтымды шешім. 

"Бүгін таңертең Швеция СІМ басшысы Анн Линде елдің НАТО-ға қосылу туралы өтінішіне қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжат Финляндияның мәлімдемесімен бірге осы аптаның соңында Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық альянстың штаб-пәтеріне ұсынылады.

Еске салайық, 15 мамырда Финляндия президенті Саули Ниинисте ел ресми түрде НАТО-ға қосылуға және мүшелікке өтініш беруге шешім қабылдағанын мәлімдеген. Премьер-министр Санна Марин бұл тарихи шешім екенін айтты. Одаққа кіру туралы шешім Финляндия Парламентінде 16 мамырда талқыланды. Кейінірек Швеция билігі Солтүстік Атлантикалық одаққа кіруге өтініш беруді жоспарлап отырғанын хабарлады.