Швеция халқының бақытты өмір сүруінің мәні

​ Әлемдегі бақытты елдер ондығына Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия және Люксембург елдері кіреді. Мен сол елдердің ішінен Швеция мемлекетін зерттеп көруді жөн көрдім.

​ ​ ​ ​ Швеция өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік деңгейі жоғары, экономикасы қуатты және дамыған демократия институттары, әсем табиғаты және бақытты адамдары​ бар Еуропаның ең гүлденген елдерінің бірі болып саналады​ .​
​ ​ Швеция — осы жылы covid-19 пандемиясына байланысты карантинге жабылмаған жалғыз мемлекет. Демек, бұл елде​ 2020 жылы өмір салты мүлдем өзгермеді. Швеция барлық Скондинавия елдерінің жақсы көрінісі ретінде қызмет етеді. Сонымен, бірнеше қызықты ғимараттар мен сәулет өнері мен дизайнның жергілікті жолын анықтаймыз, шведтердің өмір сүру салты мен деңгейлерімен танысамыз. Неліктен Скондинавиялықтар өз өмірлеріне риза екенін түсінеміз.
​ ​ Стокгольм- велосипедшілер қаласы, Швецияның ең ірі қаласы және астанасы. Швецияның климаты айтарлықтай керемет емес, бірақ қысы суық болса да, сиқырлы, ғажайып көрініс беретіні бәрімізге мәлім.​
​ ​ Статистикаға сүйенсек, бақытты жерлердің көрінісі осы — Швеция. Бірақ, осы тұста бұл бақытты елдердің бірінде неге суицидтер көп деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат, және БҰҰ-ның есебі бұған дәлел бола алады! Қысқаша айтқанда, бұған белгілі бір шындық​ бар, бірақ ол, 60-70 жылдарға байланысты. Скондинавия елдерінде күн сәулесі жоқтығынан, мұнда адамдар жиі депрессияға алып келетін маусымдық аффективті бұзылыс аталатын аурумен ауырады. Алайда дәрігерлер Д витаминін және антидепрассанттарды тағайындай бастағаннан кейін, жағымсыз статистика жақсарды.​
​ Швеция тұрғындарын түсіну үшін ең алдымен швециялық танымал терминмен танысу қажет. Бұл — ’’LAGOM’’ орташа, адекватты және дұрыс деген мағынаны білдіреді. Бұл инвитессенциалды швед мінез-құлқы, өмір философиясы, демек өмірде бәрі қалыпты болу керек. Тереңірек айтқанда өзіңе қажет емес нәрселерден бас тарту немесе керемет теңгерімді іздеу. Олар барлық нәрседен тепе-теңдік іздейді, жұмыс пен өмір, унемділік, сәнге, үйге деген көзқарас және т,б. Сондықтан, оның бақытпен қалай байланысты екенін анықтайық. Ең біріншіден қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Шведтердің ұстанымы-қарапайымдылық бұл бақыт.! Өзін біреуден артық көру, мақтану, бренд қуалау олар үшін жат. Сіз жай ғана өзгелерге ыңғайсыздық туғызбау үшін өз үстемдігіңізді көрсетпеу керексіз.
​ ​ Теңдік — швед қоғамының негізгі тірегі. Шведтер​ қаржылық артықшылықты көрсеткенді мүлдем жақтырмайды. ‘’Lagom’’ ұғымының жақсы мысалы шведтің «H&M» киім бренді, бұл сізді стильді көрсетуімен қатар арзан, қолжетімді бағаға сатып алуға мүмкіндік береді. Автокөлітері де дәл сондай. Стокгольмдағы тұрғындар әдетте көбінесе велосипедпен жүргенді жөн санайды. Яғни,токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бәрінен де артықшылық болмаған кезде адамдар арасындағы қызғаныш толығымен жоғалады және бұл көзқарас бала кезінен бастап жүзеге асыралады.
​ ​ Швециядағы барлық жұмыс орындары қосымша жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі, екіншіден қызметкерлерді жұмыстан босату өте қиын. Ол үшін объективті, нақты себеп болу керек. Швецияда білім, медицина салалары толығымен тегін қамтамасыздарндырылған. Бірақ бір жағымсыз факт бұл елде табыс салығы 56% құрайды. Сайып келгенде, үлкен салықтар проблема емес, себебі менің көзқарасым бойынша сіз неғұрлым көп ақша тапсаңыз соғұрлым көп төлейсіз.​ ​ Жергілікті бақыттың тіректерінің бірі жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі. Олар жұмсыс кестесін сақтайды, бірақ ешқашан артық жұмыс істемейді. Олар жұмыстарынан ерте босатылып, өздеріне, отбасыларына көңіл бөліп, уақыттарын тиімді пайдаланады.​
​ Швецияның сәулет өнері жақсы дамыған. Ол жердегі биік ғимараттар, тұрғын үйлердің архитетурасы, дизайны өте жоғары деңгейде салынған. Оған дәлел «IKEA» ірі жиһаз өндіріс компаниясы. Компанияның негізін қалаушы Ингвар Кампард- миллиардер, өз дәуіріндегі ең бай адамдардың бірі.
​ Ең негізгі тақырып шведтердің ерекше құрылымы- бұл қайта өңдеу. Швеция шығаратын қоқыстың 99% қайта өңдейді. Қоқысты қайта өңдеу Стокгольмді өзіне қажетті электр қуаттың 40%-мен қамтамасыз етеді. Бұл Швецияда мұнай мен газдың жоқтығын ескере отырып, үлкен инфақұрылымдық жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Осындай тәжірбиеге қол жеткізу үшін үкімет 80-ші жылдардың аяғында өз қоғамын тәрбиелей бастады.Бұл білім берудің маңызды аспектісі —​ қоқыстың дұрыс ассортименті. Мұнда әйнекпен​ ​ және қалайымен бөлінеді, қағаз бен пластмассада​ ​ жеке қоқыс жәшіктері болады. Сол себепті де Швеция елі күннен күнге көркейіп, дамып келе жатыр. Болашақ қандай болу керек десе ойланбастан Швеция елін айтар едім. Себебі елде үкімет қоғаммен үндесе отырып, халықтың жағдайын жасауды бірінші орынға қояды.​ Қорытындылай келе шведттер өмірдің әр сәтінен рахат алып, уақыттарын тиімді пайдаланады. Ал бұл бақытты елдердің қатарына кіру үшін өте маңызды.
Раметдинқызы Аружан
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *