Шри-Ланка Парламенті елдің жаңа Президентін сайлады

Шри-Ланка Парламенті елдің жаңа Президентін сайлады
Сурет: Elitar.kz

Бұл қызметке бұрынғы Премьер-Министр Ранил Викрамасингхе келді.

Шри-Ланканың жаңа Президенті болып Ранил Викрамасингхе сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Reform.by сілтеме жасап.

Шри-Ланкада дағдарыс басталғанда Ранил Викрамасингхе мемлекет басшысының қызметін атқарған болатын.

Еске салайық, Шри-Ланканың бұрынғы Президенті Готабая Раджапакса бір апта бұрын Парламент спикеріне электронды пошта арқылы отставкаға кететінін мәлімдеген. Хаттың көшірмесі Сингапурдан жеткізілді. Себебі елдегі жаппай наразылықтар салдарынан Раджапакса қашып кеткен болатын.

Бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарыс пен жаппай наразылықтар фонында Раджапакса елден қашып, алдымен Мальдивтерге, содан кейін Сингапурға кетті.