Шорт-тректен күміс медаль бұйырды

Шорт-тректен күміс медаль бұйырды
сурет:Sport.kz

Универсиадада Қазақстан құрамасы шорт-тректен күміс медаль алды.

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада қазақстандықтар тағы бір жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Sport.kz сілтеме жасап.

Бұл жолы шорт-тректен Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов сынды спортшыларымыз аралас эстафетада екінші болып мәреге жетіп, күміс медалді иеленді.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде еліміз 9 - орында тұр.