Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
Сурет: BAQ.KZ

Байқау 31 наурызға дейін жалғасады.

Елордадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еліміздің ұлттық және жастар құрамаларынан шорт-тректің мықты шеберлері қатысуда. Бүгін спортшылар 1500 метрге, әйелдер арасында 3000 метрге, ерлер арасында 5000 метрге және аралас эстафетада 2000 метрге жүгіруде мықтыны анықтайды.