Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жаттығуын бастады

Шорт-тректен Қазақстан  құрамасы жаттығуын бастады

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық құрама 22021/2022 жылғы маусымды Бейжіңде әлем кубогінен бастайды. Осыған орай, бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков Олимпиада қарсаңында жолдама үшін жанын салатын спортшылар есімін атаған болатын. Жаңа маусымда 12 спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңдеріне қатысып, жолдаманы сарапқа салады. 

Елордада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында бапкер басты мақсат - төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алу керек екенін де жасырмады. 

«Қазіргі таңда ең бірінші мақсатымыз, жоспарымыз - Олимпиада ойындарына лицензия алу. Лицензияға ие болғаннан кейін Олимпиадаға дайындыққа кірісеміз», - деп қысқа қайырды Мәдіғали Қарсыбеков. 

Айта кетерлігі, шорт-трекшілер 16 қазанға дейін ел астанасындағы «Алау» мұз айдынында дайындығын жалғастырады.