Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов жартылай финалға шықты

Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов жартылай финалға шықты
Cурет: Olympic.kz

Қазақстандық шорт-трекші жартылай финалда

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен ерлер арасында 1500, әйелдер арасында 1000, 3000 метрге жарысудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комиетіне сілтеме жасап.

1500 метрге жарысудан Қазақстан атынан Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша ширек финалдық бәсекеге қатысты. Өкінішке қарай, Денис Никиша жарыс кезінде құлап қалып, ескерту алды. Ол өзімен бірге тағы бір канадалық спортшыны да жарыс жолынан шығарған болатын. 

Ал Әділ Ғалиахметов топта екінші орын иеленіп, жартылай финалға жолдама алды.