Шолпан Каринова ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Шолпан Каринова ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: Primeminister.kz

Тағайындау

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Шолпан Каринова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол 2019 жылдың тамызынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымында жұмыс істеді.

Шолпан Таңатқызы 1972 жылы 1 қаңтарда Көкшетау облысында туған.

1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы «педагогикалық білім» бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

2005–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы.

2009–2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары.

2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.

2017–2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

2018-2019 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың тамызынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымында жұмыс істеді.