Шолпан-Атада Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

Шолпан-Атада Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті Сурет: Gov.kz

СІМ басшылары саммиттің күн тәртібі мен қорытынды құжаттарының жобаларын жан-жақты қарастырды.


Шолпан-Ата, 2022 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты. Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан СІМ басшылары мен Түрікменстанның Қырғызстандағы елшісі қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қатысушылар ағымдағы жылғы 21 шілдеде Шолпан-Ата қаласында өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алдағы төртінші Консультативтік кездесуіне дайындық барысын талқылады. СІМ басшылары саммиттің күн тәртібі мен қорытынды құжаттарының жобаларын жан-жақты қарастырды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық, көлік, гуманитарлық салалардағы өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективалары және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.


ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық өзара іс-қимылы соңғы жылдары сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін және бесжақты қатынастарда серпіліс жасалғанын атап өтті.



"Қазақстан Орталық Азияның тұрақты дамуына, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға одан әрі үлес қосуға ниетті", - деді ҚР СІМ басшысы.



Кездесуге қатысушылар қырғыз тарапына іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны және Қырғызстанның өңірлік интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38