ШҚО тұрғындары заңсыз сақталған 149 атыс қаруды тапсырды

ШҚО тұрғындары заңсыз сақталған 149 атыс қаруды тапсырды
Cурет: Ашық дереккөз

Екі айдың ішінде азаматтардан 110 өтініш түсті

Шығыс Қазақстан тұрғындары заңсыз сақталған 149 атыс қаруын тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ШҚО ПД-не сілтеме жасап.

Аймақтағы полиция департаментінің мәліметінше, 2014 жылдан бері ел аумағында Үкімет қаулысына сәйкес халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі.

«Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай республикалық бюджеттен төлем жасау көзделеді, төлем 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал ақшалай баламада 31 800-ден 318 мың теңгеге дейін құрайды. Екі айдың ішінде азаматтардан 110 өтініш түсті, 149 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 26 ойық және 123 тегіс ұңғылы қару қабылданды, 370 ойық оқ-дәрілері жиналды. Олардың алдын ала сомасы – 9 846 753 теңге», - деп жазды ведомстводан.