ШҚО-да су тасқыны қаупіне орай 68 эвакуациялық пункт дайындалды

ШҚО-да су тасқыны қаупіне орай 68 эвакуациялық пункт дайындалды
сурет:sputnik.kz

Көктемгі су тасқынына дайындық қызу жүріп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны қаупіне орай 7000 адамға арналған 68 эвакуациялық пункт дайындалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде Зайсан ауданындағы үйлерге су қоймасы қауіп туғызып отыр.

«Оны қауіпсіз жағдайға келтіру үшін қанша қаражат қажет екенін талдау қажет. Су тасқыны кезеңінде жарылыс жұмыстарына 264 миллион теңге бөлініп, олардың орындары анықталды. Техника саны жеткілікті. Сондай-ақ 7000 адамға арналған 68 эвакуациялық пункт дайындалды», - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.