ШҚО-да көне сақ қорымдарын заңсыз қазғандар жазаға тартылды

ШҚО-да көне сақ қорымдарын заңсыз қазғандар жазаға тартылды
Cурет: Inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында көне сақ қорымдарын заңсыз қазған 3 адам жазаға тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Былтырдан бері Зайсан ауданы Шілікті ауылында орналасқан қола дәуі-рінің соңын¬дағы ескерткіш саналатын сақ қорымдарының тоналып жатқандығы жайлы бұқаралық ақпарат құралдары талай мәрте жазып келеді. Жуықта әлеуметтік желілерде заңсыз қорым қазып, алтын іздеп жүргендердің ұсталғаны туралы ақпарат тарап, қызу талқыланған еді. Аталған жайтқа орай, ШҚО Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. 
«Аталған факті осы жылдың 20 мамырында белгіленген тәртіппен Зайсан аудандық Полиция бөлімінде тіркелді. 3 адам істің анық-қанығына жету үшін бөлімшеге жеткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша оларға ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу) әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Тексеру шаралары аяқталғаннан кейін материал түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», - делінген ақпаратта.