ШҚО-да қоғамдық көліктерді жаңарту басталды

ШҚО-да қоғамдық көліктерді жаңарту басталды
Cурет: 24.kz

ШҚО-да Өскемен және Семей сияқты екі ірі қаланың қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс орталығы бойынша 18 жаңа автобус сатылып алынды. Биыл 40 автобус пен 5 жаңа сапалы трамвай сатып алу көзделген. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 2 млрд теңге бөлінді.
Осылайша, 2025 жылға дейін көліктің 103-і жаңартылады, ал 7 жылға дейінгі автобустардың үлесі – 30%.
Жобаларды инвестициялауға бюджет қаражаты ғана емес, мемлекеттік-жекеменшік инвестициялар, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының ресурстары да тартылады.