Шырша қалайша Жаңа жыл символына айналды?

Шырша қалайша Жаңа жыл символына айналды?
Cурет: shadow.kh.ua

Жаңа жылда шырша орнату дәстүрін Ресейге Пётр I патша әкелген

Солтүстік Еуропа халықтары христиан діні келгенге дейін қысы-жазы жасыл болып тұратын шыршалармен үйді сәндеп отырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәстүрге сәйкес, ағаштың рухы бар деп саналған, шырша бұтақтарын безендіру оларды тыныштандырудың ең оңай жолы деп есептелді. Мысалы, герман халықтары үшін қылқан жапырақты ағаштар мәңгілік өмірді бейнелейді, оның үстіне Күн осы ағашқа нұрын ерекше төгеді деп санайды. Сондықтан қыс уақытында үйдің ішін шыршамен безендіріп отырған. Ал, шыршаның төбесіне жұлдыз қоюды  XV ғасырда өмір сүрген Мартин Лютер есімді дін адамымен байланыстырады. Ол Бетлехем жұлдызын еске алу үшін ағашты жұлдызшамен безендірдген.

Жаңа жылда шырша орнату дәстүрін Ресейге Пётр I патша әкелген. Ол 1700 жылы жаңа жылды 1 қыркүйекте емес, 1 қаңтарда тойлау жөнінде жарлық шығарған. Онда үлкен көше бойына,  мәдени және рухани орындардың алдына шырша қою айтылған.  Дегенмен, патша көз жұмған соң Жаңа жылда көшелерді  шыршамен безендіру ұмыт қалады. Тек, 1818 жылы Николай I патшаның отбасында Жаңа жылды шыршамен сәндеу қайта танымал бола бастайды. Патшаның әйелі Александра Фёдорованың шығу тегі неміс еді.  XIX ғасырдың аяғында Жаңа жыл қарсаңында шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіру Ресей империясы аумағында қалыпты жағдайға айналды.