Шымкенттегі жекеменшік мектеп директоры бюджет қаржысын жымқырған

Шымкенттегі жекеменшік мектеп директоры бюджет қаржысын жымқырған
Сурет: Ашық дереккөз

Шымкентте жекеменшік мектеп ашқан директор жан басына қаржыландыру бағдарламасы арқылы жалған есеп жүргізіп, бюжет қаржысын қалтаға басқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

 2019-2020 оқу жылында мыңдаған оқушыны тіркеп, жеңіл жолмен ақша тапқысы келгендердің қатарында білім басқармасының екі қызметкері бар. Олардың бірі өз ісіне салғырттық танытса, екіншісі жемқорлыққа жол бергені үшін 3 жылға сотталды. 

Ал жекеменшік мектептің құрылтайшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Әл-Фараби аудандық соты мемлекет қазынасына 123 миллион теңге шығын келгенін айтады. 

«Айкөзов білім басқармасының бас маманы бола тұра, Дүйсенқызынан 2 млн теңге пара алған. Оқымаған оқушыларға оқыды деп қол қойған. Ал білім басқармасы басшысының орынбасары Текебаеваға үкім салғырттық бабы бойынша шықты. Яғни салғырттық ҚК 371 бабы бойынша»,-деді 
әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.