Шымкенттегі жарылыстан перзентханада нәресте шетінеп кетті

Шымкенттегі жарылыстан перзентханада нәресте шетінеп кетті
Сурет: Azattyq.org

Шымкент қаласындағы жарылыс кезінде перинаталдық орталықта бір нәресте шетінеп кетті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, Шымкенттегі облыстық 1 перинаталдық орталық жарылған жеке меншік дәріхананың дәл жанында орналасқан.

«Жарылыс кезінде орталықта 189 пациент және 65 қызметкер болған. Оқиға салдарынан перинаталдық орталықтың 1 қызметкері қаза тауып, 1 нәресте шетінеді. Баланың туғанына 18 тәулік, салмағы 790 грамм болған. Бұдан бөлек, 8 адам жарақат алды», - дейді басқарма мамандары.

Зардап шеккен адамдарды Түркістан облыстық клиникалық ауруханаға, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына, 2 қалалық ауруханаға жеткізді.

Айта кетейік, жарылыс болған ғимарат «Межбольничная 138 аптека»ЖШС-іне тиесілі. Ғимараттың перинаталдық орталыққа қатысы жоқ.