Шымкентте тоғыз қабатты үйде газ баллоны жарылды

Шымкентте тоғыз қабатты үйде газ баллоны жарылды
Сурет: Ашық дереккөз

Жарылыс құрылыс жұмысы кезінде болған

Шымкентте тоғыз қабатты үйде жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс күндізгі сағат 16:27-де Желтоқсан көшесіндегі көп қабатты үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жарылыстың 1-қабаттағы дүкеннің ішінде құрылыс жұмысы кезінде болғанын анықтаған. Газ ауа қоспасының жарылысы салдарынан 10 шаршы метр аумақта пластикалық құбыр жанған.

Төтенше оқиға кезінде 11 өрт сөндіруші мен 2 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

«Жарылыс салдарынан 2002 жылы туған ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 17:02-де оқшауланып, сағат 17:18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.