Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды
Cурет: Ашық дереккөз

Қашқын бір күннен кейін қалада ұсталды

Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Otyrar.kz-ның хабарлауынша, қашқын бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол мұнай-газ құбырына ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталған еді, енді оған түзеу мекемесінен қашты деген тағы бір айып қосылды.

«12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады», – деп хабарлады Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.

Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.