Шымкентте спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатындағы үздіктер белгілі болды

Шымкентте спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатындағы үздіктер белгілі болды
Сурет: Оlympic.kz

Дарабоздар анықталды

Шымкентте спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап

Біріншілік қорытындысын назарларыңызға ұсынады. 

Көпсайыста шымкенттік Дияс Тойшыбек (78,900) топ жарса, күміс жүлдені оның жерлесі Әлішер Тойбазаров (78,600), қоланы елордалық Дмитрий Патанин (78,400) иеленді. 

Жекелеген снарядтар бойынша төмендегі спортшылар топ жарды: 

Еркін жаттығу – Дмитрий Патанин (13,200);

Гимнастикалық ат – Дияс Тойшыбек (14,100);

Шығыршық – Акбар Джалали (12,900);

Қол тіреп секіру – Эмиль Ахмеджанов (13,400);

Қоссырық – Әлішер Тойбазаров (13,700);

Гимнастикалық керме – Эмиль Ахмеджанов (13,000)