Шымкентте күннің ыстығынан көліктің газ балоны жарылды

Шымкентте күннің ыстығынан көліктің газ балоны жарылды
сурет: Inform.kz

Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді

Шымкентте көліктің газ балоны жарылып, алты жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Қаратау ауданы, Нұрсат 2 шағын акданындағы №16 тұрғын үйдің алдында болған. «Kia Rio» маркалы автокөліктің артқы багажында көлемі 350 мл кішкентай газ балон жарылған. Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың 4-і балалар. 

«Жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Өрт болған жоқ. Алдын ала болжам бойынша күн сәулесінен автокөліктің багажы қызып кеткен болуы мүмкін», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Оқиға орнына ТЖД-нің 15 қызметкері мен 3 дана техника жұмылдырылды.