Шымбұлақтағы өрт сөндірілді

Шымбұлақтағы өрт сөндірілді
сурет:ТЖМ баспасөз қызметі

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы қаласындағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы рестобардан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ берген ақпаратқа сәйкес, өрт сағат 08.05-те оқшауланып, сағат 08.30-да сөндірілді.

«Өртті сөндіру барысында қар генераторы қолданылды, қабылданған шаралардың арқасында «Шымбұлақ» ТШК гондольды жолына оттың таралуына жол берілмеді», — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Руслан Иманқұлов.

«Облака» мейрамханасының 3 қабатты ғимараты өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 800 шаршы метрді құрады.

«Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылды», - делінген хабарламада.