«Шымбұлақта» өрт шықты

«Шымбұлақта» өрт шықты
сурет:exk.kz

Мамандар өрттің шығу себептерін анықтауда.

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 29 қаңтарда, таңғы сағат 05:30 да Шымбұлақ тау шаңғысы курортының аумағында өрт шықты.

Үш қабатты «Облака» рестобарында 800 шаршы метр аумақты жалын шарпыды. Арнайы өрт сөндіру техникасы кіретін жолдардың болмауына байланысты өрт сөндіру ішкі крандар арқылы жүргізілді. Сағат 08:05-те өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.