Шетелге ақша шығарғандар тексеріліп жатыр

Шетелге ақша шығарғандар тексеріліп жатыр
economiq.ru

Қазақстанда шетелге шығарылған капиталды қайтару бойынша 5 жұмыс тобы құрылды. Қазір оның мүшелері қаражаттың көлемі мен қай елдерге жіберілгенін анықтап жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бас прокуратураның арнайы комиссиясы шетелдіктермен жасалған келісімшарттарды зерттеп, қаржыны заңсыз жолмен шығарған азаматтарды іздестіреді. Ақша аударылған мемлекет өкілдерімен келіссөздер жүргізіледі. Келешекте мұндай жағдайларға жол бермеу үшін валюталық бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктеу ұсынылды.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, кәсіпкерлерді капиталды қайтаруға ынталандыру мақсатында бірқатар шара қолға алынбақ.

- Әр капиталдың өзінің шығу тегі бар. Әрбір капиталдың контракты бар. Заңды, заңсыз жолмен шыққаны бар. Арнайы Премьер-Министрдің басшылығымен комиссия жұмыс істеп отыр. 5 бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мақсатымыз - сыртқа шыққан қаражатты қайтару және шығуға жол бермеу. Негізінен біз бизнеске, инвесторларға дұрыс заңды жағдай жасауымыз керек. Заңсыз шыққан капиталды қайтарамыз. Заңды шыққан капитал болса, ішке келуге мүмкіндік жасауымыз керекпіз. Ол капитал экономикамызға жұмыс істеуі үшін жағдай жасауымыз керек, - дейді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев