Шетелдік вакциналардың бағасы қанша?

Шетелдік вакциналардың бағасы қанша?
Сурет: Gazeta.ru

Келер жылы елде шетелдік вакциналар сатылуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бір дозаның бағасы шамамен 2 мың теңгеден басталып, 5 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дистрибьюторлар осы шетелдік вакциналар сатылу мәселесін қолға алмақшы.

«Мұнда баға коммерциялық сегментте сатып алынатын бағаларға байланысты болады», - деп қосты министр.

Десек те, екпе салу тегін түрде де жүргізіледі. Ол үшін елде вакцина қоры жеткілікті.