Шетелден тағы 32 миллионнан аса қаражат қайтарылды

Шетелден тағы 32 миллионнан аса қаражат  қайтарылды
almaty-akshamy.kz

АҚШ-тың Қаржы министрлігі «ҚазАтомӨнеркәсіптің» ақшасын бұғаттан шығарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлттық компанияның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржы есебінде айтылған.

«2023 жылдың 13 қаңтарында АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдегі активтерді басқару басқармасы (OFAC) бұғатталған қаражатты қайтарып беру туралы лицензия берді. 2023 жылдың 30 қаңтарында банк-корреспондент 32,7 млн доллар көлемінде қаражатты қайтарды. Оның ішінде есепке алынған пайыздар есебінен 0,4 млн доллар да қайтарылды», - деп жазылған есепте.

Сондай-ақ 2022 жылы шығарылған қысқа мерзімді коммерциялық облигациялар төленгені айтылған.

«Бұл төлемнің жалпы сомасы 50,180 миллион доллар болды. Оның ішінде 0,18 миллион доллардың купоны да бар», - делінген есепте.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та компанияның қаржысы санкциялық тізімдегі компанияларда жатқандықтан, бұғатталғаны туралы мәлімет тараған.