Шетелден Қазақстанға 670 млрд теңге қайтарылды

Шетелден Қазақстанға 670 млрд теңге қайтарылды
Сурет: Elorda.info

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Оның айтуынша, шетелден Қазақстанға 600 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысының орынбасарына елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты сұрақ қойды.

«Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Бас прокуратураның деректері жарияланып жатыр. Қазіргі кезде 670 млрд теңге қайтарылды», - деді Е. Жамаубаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.