Шетелдегі қазақтардың елге келуі жеңілдейді

Шетелдегі қазақтардың елге келуі жеңілдейді
Сурет: ашық дереккөз

Шетелдегі қазақстардың елге келуі жеңілдейді. Бұл туралы  Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.    

Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне «Ата жолы» картасын беру тәртібі мен негіздерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді және жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне «Ата жолы» картасын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға қатысты толықтыру енгізілді, - деді жаңа Әлеуметтік кодекске қатысты баяндама жасаған сенатор Ләззат Қалтаева. 

Айтуынша, жаңа Әлеуметтік кодекске қандастардың Қазақстанмен байланысын нығайтуға жол ашады. Сондай-ақ елде олардың әлеуетін іске асыру мақсатында бизнес-иммигранттарға немесе этникалық қазақтар (басқа елдердің азаматтары) арасында кәсіптері бар адамдарға берілетін «Ата жолы» картасы ұғымы енгізілген.