Шетелге баратын туристер саны азайды

Шетелге баратын туристер саны азайды
Сурет: Tourdom.ru

Елімізден шет елдерге саяхатқа шығатын туристер саны төрт есеге, жол шығындары үш есеге азайыпты.

Карантинде өткен 2020 жылғы туристік шығындар 2019 жылға қарағанда, 2,7 есеге азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке мақсаттағы сапар шығындары 91,1 млрд теңге болыпты, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,7 есеге кем; ал іскерлік және кәсіби сапарлар шығына 3,2 есеге азайып, 15,9 млрд теңгені құраған.

Карантиндік шектеумен өткен  2020 жылы Қазақстаннан сырт елдерге барлығы 811,8 мың қазақстандық саяхатқа шыққан, бұл алдыңғы жылға қарағанда 3,7 есе аз. Ал жеке мақсатпен шет елге барған 707,3 мың тұрғынның  318,2 мыңы туыстары мен достарына қыдырып барған.