«Шет елдегі қазақ балалары» Қазақстанға келмек

«Шет елдегі қазақ балалары» Қазақстанға келмек
Сурет: интернеттен

Олар Отанына келіп қазақ тілін оқиды.

«Шет елдегі қазақ балалары» жобасының кейіпкерлері Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Олар қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі», деп сүйінші сұрады жоба авторы Жанар Байсемізова әлеуметтік желіде.

«Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шет елдегі ҚР елшіліктеріне жолдаймыз»,- деп жазды жоба авторы өзінің желідегі парақшасында.

Шетелдегі қазақтың қыз-жігіттеріне бұл хабар жеткен. Көпшілігі келуге ықылас танытып отыр.