Шекарадан 83 млн теңгені алып өтпек болғандар ұсталды

Шекарадан 83 млн теңгені алып өтпек болғандар ұсталды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан азаматтары 83 млн теңгеден астам ақшаны Өзбекстанға алып өтпек болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылы 6 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу кезінде "Астана – Ташкент" халықаралық рейсінің жолаушыларынан ақшалай 180 мың АҚШ долларын (83 601 000 теңге) тапты.

Кеден қызметкерлерінің айтуынша, ақша иелері кедендік тексеру кезінде оларға қарсылық білдіріп, кедергі келтірген.

"Құқық бұзушыларға қатысты жинастырылған материалдар ҚР ҚК 234-бабы бойынша қылмыстық істер қозғау жөнінде шешім қабылдау үшін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды", – деп хабарлайды ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметі.