Шегірткемен күреске мемлекет бюджетінен 2,5 млрд теңге бөлінді

Шегірткемен күреске мемлекет бюджетінен 2,5 млрд теңге бөлінді Сурет: Inform.kz

Биыл үйірлі шегірткелер 997,2 мың гектар жерге таралған.


Қазақстан Үкіметі үстіміздегі жылы шегірткемен жүргізілетін күреске қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марстың айтуынша,елімізде шегірткелермен күрес жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.



«Республика аумағында ерекше қауіпті организмнің 12 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі, карантиндік объектілердің 14 түрі таралған. Шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл үйірлі шегірткелер 997,2 мың гектар жерге таралған. Оның ішінде итальяндық прус 760,6 мың гектар, азиялық шегірткелер 201,0 мың гектар және марокко шегірткелері 35,5 мың гектар жерден анықталды. Сонымен қатар саяқ шегіртке зиянкестері 270,0 мың гектар жерден байқалды», - деп атап өтті ведомство басшысы.



Сонымен қатар ол зиянкестерге қарсы қазынадан қанша қаражат бөлінгенін айтты.



«Жалпы, шегірткелерге қарсы күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,5 млрд теңге бөлінді. Қаржы құралдары пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжанған алаңға сатып алуға мүмкіндік берді. Үйірлі шегірткелерге қарсы тиімді өңдеу жүргізу үшін пестицидтердің әртүрлі топтарындағы препараттары сатып алынды. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлерде облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылды және мониторингпен химиялық өңдеу жұмыстарды ұйымдастыру жұмыс жоспарлары бекітілді», - деді комитет төрағасы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26