Шегіртке туралы видео түсірген шаруалар бізден қашып жүр – министр

Шегіртке туралы видео түсірген шаруалар бізден қашып жүр – министр Сурет: primeminister.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шегіртке шабуылы жөніндегі түрлі видеоларға пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


ҚазАқпарат мәліметіне сүйенсек, өткен апта соңында министр Қостанай облысына барып, егін алқаптарын аралаған. Сондай-ақ, өңірлерде әкімдік жанынан жедел штабтар құрылған.


«Қостанайда шамамен 20 мың гектарда италиялық прус шегірткесінің ұшуы байқалды. Ол жаққа дер кезінде техникалар жеткізілді. Қосымша 40 мың гектар жер қосымша дәріленіп, мамандар жұмылдырылды. Шегірткеден еш шығын жоқ. Мессенджерлерде түрлі видеолар шығып жатыр, ал негізінде шығын болған жоқ», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге, министр шегіртке туралы видео түсірген фермерлерге үндеу жасады. 


«Шегіртке туралы видео түсірсеңіздер, егінге шығын келтірді десеңіздер, мархабат, біз жылдам жауап береміз. Біздің мобильді топтарымыз бірден келіп, мәселенің мән-жайын тексереді. Кеше де Қостанайдың Наурызым ауданында шаруа қожалықтары 3-5 мың гектар егінге зақым келді деген еді, енді мамандарымыз барайын десе, қожайындары қашып жүр, жерін көрсеткісі келмейді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкіметте.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49