Шегіртке ақуызға бай

Шегіртке ақуызға бай
naturalproductsinsider.com

Еурокомиссия шегірткеден әзірленген өнімдерді саудаға шығаруға ресми рұқсатын берді.

Бұл жайында islam.kz порталы euro_pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлімдеді. Ендігі жерде таяу болашақта орын алу ықтималдылығы басым азық-түлік тапшылығының алдын алу үшін шара аясында аталмыш жәндіктен жасалған өнімдер кептірілген, ұсақталып, ұнтаққа айналдырылған немесе мұздатып қатырылған түрлерінде тұтынушыларға жол тартады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдері ұйымының мамандары: «Шегіртке – ақуызға, дәруменге, тағы басқа да қоректік заттарға бай, табиғи өнім», – деп хабарлап отыр.

«Шегірткені протеиннің баламалы көзі ретінде пайдалану арқылы жаһандық жылынуға себеп болып отырған мал шаруашылығынан бөлінетін парникті газдың мөлшерін азайтуға болады», - дейді ұйым мамандары.

Дайындаған Әсел ДАҒЖАН.