Шаңғы жарысы өз мерзімінде өткізіледі

Шаңғы жарысы өз мерзімінде өткізіледі
Сурет: Оlympic.kz

Жарыс уақытында болады

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше,  шаңғымен жарысудан Швейцарияың Давос қаласында өтетін әлем кубогі кезеңі кейінге шегерілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Коронавирустың "омикрон" штамы таралған соң, турнирдің өту-өтпеуі белгісіз болып қалған.

Өйткені, 29 қараша күні Люцерндегі Универсиада ойындарының өтпейтіні анықталды. 

Алайда, Швейцарияның шаңғы федерациясы әлем кубогі кезеңінің жоспарлы уақытында өтетінін хабарлады. 

Кубоктік кезең 12-13 желтоқсанға жоспарланған.