Шавкат Рахмонов UFC турнирінің басты кардында жекпе-жекке шығады

Шавкат Рахмонов UFC турнирінің басты кардында жекпе-жекке шығады
Cурет: Inform.kz

Жекпе-жек 5 ақпанда Лас Вегас қаласында өтеді

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC алаңындағы жекпе-жегі бір саты көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмоновтың Гайана спортшысы Карлстон Харрисқа қарсы айқасы 5 ақпан күні Амеркианың Лас Вегас қаласында өтеді.
Sports.kz ресурсының мәліметінше,  кездесу UFC Fight Night 200 турнирінің алдын ала кардынан басты кардына ауыстырылды.

Шавкат Рахмонов үшін бұл - UFC мэйн кардындағы дебют және жалпы осы промоушндағы үшінші жекпе-жек болады.

Айта кетейік, мұның алдында қазақстандық файтердің UFC-де өткізген екі жекпе-жек үшін қанша табыс тапқанын жазған болатынбыз.
Шавкат Рахмонов UFC-ге алғаш рет 2020 жылдың қазан айында шыққан.

Алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық спортшы бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (22-10-1-2) жеңіп шықты.

Шавкаттың бұл жекпе-жек үшін алған гонорары 37 500 долларды құрады (10 000 доллар — октагонға шыққаны үшін, 10 000 доллар – жеңіске жеткені үшін, 3 500 доллар — жігерлендіру бонусы, тағы 14 000 долларды Рахмоновқа салмақ өлшеуден өтпей қалған қарсыласы «сыйлаған»).