Шавкат Рахмонов UFC тарихына енді

Шавкат Рахмонов UFC тарихына енді
Сурет: Ашық дереккөзі

Түсіру тобы Шавкат Рахмонов жаттығу өткізіп жатқан Алматыға келді

Ultimate Fighting Championship (UFC) спорт ұйымы қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Arbat.media сайтының мәліметінше, түсіру тобы Шавкат Рахмонов жаттығу өткізіп жатқан Алматыға келді. Деректі фильм ұйымның UFC Connected шоуы аясында түсіріледі.

Осылайша, Рахмонов UFC жобасына түскен алғашқы қазақстандық атанды. Сюжет Шавкаттың келесі жекпе-жегіне дейін көрсетіледі.

Айта кетейік, Шавкат UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Қазір лиганың жартылай орта салмақтағы рейтингісінде 10-орында тұр.