Шавкат Рахмонов екі еселенген көлемде гонорар алатын болды

Шавкат Рахмонов екі еселенген көлемде гонорар алатын болды
Сурет: Ашық дереккөз

Кештің ең мықты жекпе-жегі" үшін екі еселенген бонус

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жер жастандырғаны үшін рекордтық көлемде гонорар алатын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Рахмоновқа бұл жекпе-жектен түсетін гонорардың жалпы сомасы 161 500 долларды құрайды (30 000 — кепіл бәс, 6 000 — демеушілік бонус, 25 500 — Нилден түсетін 30%, 100 000 - "Кештің ең мықты жекпе-жегі" үшін екі еселенген бонус), деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетсек, Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді тұншықтыру әдісіне түсіріп, кәсіби мансабында он жетінші жеңісіне қол жеткізді (бес рет — UFC).

UFC комментаторлары трансляция кезінде бұл жекпе-жекті бірнеше рет "Жыл жекпе-жегі" деп атады.