Шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру қарастырылуда

Шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру қарастырылуда Сурет: Ulytaynews.kz

Шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.


Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Суармалы егіншілікті дамыту суарудың су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Мәселен, шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында заманауи суару жүйесін сатып алуға және қажетті бүкіл инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындардың 50% өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау бар. Бұл мақсаттар үшін облыстардың өтінімдері бойынша биыл 268 жобаны іске асырылады, оған 16,6 млрд теңге көзделген», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.



Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметінің құны субсидияланып жатыр. Онда судың бір текше метріне бөлінетін субсидия мөлшері тарифтерден пайыздық қатынаста 50%-дан 80%-ға дейін арзандатылады. Бұл мақсатқа 2,7 млрд теңге көзделген.



«Фермерлерді су үнемдеу технологиясын енгізуге ынталандыру үшін қазір су беру қызметін өтеу жөніндегі субсидияны суару тәсілдеріне қарай саралау жұмысы жүріп жатыр. Яғни бұрынғы деңгейдегі субсидияны су үнемдеу технологиясын қолданатын фермерлер ғана алады», - деді Ербол Қарашөкеев.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31