Шардара су қоймасының табанынан тарихи жәдігерлер табылды

Шардара су қоймасының табанынан тарихи жәдігерлер табылды
visit-kazakhstan.kz

Шардара су қоймасы маңынан құнды тарихи жәдігерлер табылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қуаңшылыққа байланысты қоймадағы су деңгейінің төмендеп кету салдарынан мүйістегі «Ақтөбе-2» деп аталатын орында бірқатар артефактілер топырақтың бетіне шығып қалған. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе-2» тарихи тұрағында экспедициялық қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қыш құмыралар, тұрмыстық заттар, кірпіштер мен кәріз жүйелері, тіпті адамның сүйегі де табылды.

Археологтардың тұжырымы бойынша, көне заттар VI-VIII ғасырларға тиесілі. Тарихшылардың айтуынша, Шардара маңынан бұған дейін де бірнеше қалашықтар мен қорымдар, Қараханид дәуіріне жататын құнды жәдігерлер табылған. Сондықтан мамандар Шардара аумағы қосымша зерттеуді қажет ететінін айтады. Сонда ғана көне жәдігерлердің көмбесіне айналған орынға қатысты тың деректер пайда болуы мүмкін.