Шанхайда ковид жұқтырудың ең жоғары ресми көрсеткіші тіркелді

Шанхайда ковид жұқтырудың ең жоғары ресми көрсеткіші тіркелді
news.day.az

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласының тұрғындары осы ірі қалада коронавирусқа шалдығу оқиғаларының көбеюіне байланысты азық-түлік қорын жинақтауға тырысып жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қытайлық БАҚ жазуынша, жергілікті шенеуніктердің мегаполисте азық-түлік қоры жеткілікті екендігі туралы мәлімдемесіне қарамастан, Гуанчжоудағы кейбір базарлар мен бірқатар көтерме сауда дүкендерінде халықтың азық-түлікті көптеп алып жүргені байқалған.

Гуанчжоудың халқы тығыз орналасқан Байюнь ауданында ғана жарым-жартылай карантин енгізілген.

Онда ковид шектеулері аймақтағы 3,7 млн халықтың 5 мыңға жуық тұрғынына қатысты болды.

Осы арада, құрлықтық Қытай провинцияларының көпшілігін жайлаған COVID-19 вирусының кейде өршіп тұруы шамамен 18 млн халқы бар Гуанчжоуды азық-түлікпен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізуде.

Дүйсенбі күні өткен брифингте Бейжің билігі жұртшылықты Қытай астанасын азық-түлікпен қамтамасыз ету жағынан қазіргі жағдайдың тұрақты және олар жеткілікті мөлшерде екеніне сендірді. Өткен тәулікте Бейжіңде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың төрт оқиғасы анықталды. Дүйсенбі күні Қытай үкіметі аймақ билігін жүк тасымалының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге және көлік жолдарын дәлелді себепсіз жаппауға үндеген хабарлама таратқан.

Ресми статистика бойынша, 10 сәуірде Гуанчжоуда коронавирус жұқтырудың 27 жергілікті оқиғасы тіркелді.

Өз кезегінде, Қытай материгінде тоғызыншы күн қатарынан ауруға шалдығудың ең жоғары ресми көрсеткіші тіркелген Шанхай қаласында өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 23 мыңнан астам жергілікті оқиғасы тіркелді.