Шанхайда ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға лық толды

Шанхайда ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға лық толды
Сурет: Focus.ua

КВИ жұқтырғандардың басым бөлігі - 65 жастан асқан кісілер. 

Күн сайын Шанхайдағы денсаулық сақтау мекемелеріне COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас шұғыл түрде түсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан кісілер.

ҚХР-дың мемлекеттік БАҚ-ы 25 миллион халқы бар мегаполис халқының 70% вирус жұқтырған болуы мүмкін деп хабарлап отыр.

Билік қатаң санитарлық шектеулерді алып тастағаннан кейін бір айдан кейін Қытай бұрын-соңды болмаған ауру толқынына тап болды. Соңғы күндері Қытайдан келген жолаушыларға оннан астам ел COVID-19 сынағын енгізді. Бірақ соған қарамастан, Бейжің бұл шараларды айыптап отыр.