Шамдардың жанғаны қуантады

Қаладағы көпқабатты үйлерде тұрғанның бір жақсысы – көршілердің тіршілігінен хабардар боласыз.

Түнгі 22.00-ден кейін пәтерлердің шамдары біртіндеп өше бастайды. Соларды көріп, көбінесе маған «қанша шам жанып тұрса, сонша отбасы бар» деген ой келеді. Түнгі 00.00 шамасында бірер үйдің ғана терезесінен жарық көре аласыз. Бұл уақытта көпшілік ұйқыға кетеді. Содан қазірде сағат 03.00-ден бастап шамдар кезекпен қайта жана бастайды? Не үшін? Өйткені, Ораза ұстаған жамағат ауыз бекіту үшін сәресін ішуге тұрады. Маған терезеден дәл осы уақыты бақылаған ұнайды. Өйткені, ол неғұрлым көп шам жанса, соншалықты көп адамның ауыз бекіткенін көрсетеді. Содан сәресінің уақыты өткесін шамдар сөніп, қараңғылық қайта орнайды. Бұл дегеніміз, жұртшылықтың Оразаға жақын екенінің, жүрегінде иманы бар екенінің белгісі болса керек. Біле білсек, иманы бар қоғам жаман болмайды.

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *