Шалғайдағы ауыл балалары Астанаға саяхаттайды

Шалғайдағы ауыл балалары Астанаға саяхаттайды
Сурет: Tengritravel.kz

Жазғы демалыс кезінде шалғай ауылдардағы балаларына Астанаға саяхаттап бару мүмкіндігі жасалады.

Үкімет отырысында Әлихан Смайылов облыс әкімдеріне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жазғы демалысты ұйымдастырудың әлеуметтік маңызын ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер балаларға арналған іс-шаралардың мазмұны мен сапасына ерекше көңіл аударуы керек.

Мәдениет министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, ішкі туризмді дамыту шеңберінде экскурсиялық-танымдық іс-шараларды ұйымдастырып, балалардың табиғат аясына саяхаттарын арттыруы тиіс», - деді Үкімет башысы.

Жазғы демалыс кезінде оқушылардың мәдени ошақтарға баруын ұйымдастыру қажеттігі де айтылды.

«Өңір әкімдері каникул кезінде оқушылардың музейлерге, театрларға, қорықтарға, ұлттық парктер мен спорт нысандарына тегін баруын қамтамасыз етуі қажет. Шалғай елді мекендерде тұратын балалар үшін мәдени-тарихи жерлерге, Астанаға саяхатты ұйымдастыру керек», - деді Әлихан Смайылов.