Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді

Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді
Cурет: Baq.kz

Отбасылардың алған несиелерін жабу мәселесі де қарастырылады

Қарағанды облысындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандардың барлық отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Жұмыс беруші мен жұмысы арасында жасалған еңбек келісімшартына сәйкес қайтыс болған кеншілердің отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді», - деді министр.

Одан бөлек, Юрий Ильиннің сөзінше, жеке келісімдер аясында отбасылардың алған несиелерін жабу мәселесі де қарастырылады. Сондай-аұ қаза болғандардың студент балаларының оқу ақысын төлеу мәселесі көтеріледі.

Жеке еңбек келісімшарттарына сүйене отырып, мұқтаж жандарға баспана беру мәселесі қарастырылуы мүмкін.