«Шәмші Қалдаяқовтың ізімен» жаңа туристік маршрут ашылмақ

«Шәмші Қалдаяқовтың ізімен» жаңа туристік маршрут ашылмақ
Сурет: Inform.kz

Туризм басқармасы ұлы композитордың отбасымен тығыз жұмыс жүргізіп жатыр.

Түркістан облысында Ш.Қалдаяқовтың өмір жолына арналған авторлық туристік маршрут дайындалып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырар ауданында «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған мұражай орналасқан. Мұражайда дарын иесінің жеке заттары мен шығармашылыққа бай қызметі туралы куәліктері сақталған.

Туризм басқармасы ұлы композитордың отбасымен тығыз жұмыс жүргізіп, оның өмірі мен шығармашылығынан жарияланбаған фактілерді ашатын авторлық жобаларды дайындау үстінде. Жақын арада Түркістанда Шәмші Қалдаяқовқа арналған онкүндік аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспары ұсынылады.