Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Сурет: Inform.kz

Мемлекет Президенті жарлыққа қол қойды.

Қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)», - делінген хабарламада.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.