Сейсенбіде елдің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Сейсенбіде елдің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі
Сурет: 24.kz

19 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Республиканың батыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Барлық өңірде жел күшейеді деп болжануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл, солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде желдің жылдамдығы 18 м/с артады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақмола, Қостанай облыстарының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, желдің жылдамлығы 17-22 м/с дейін артады. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 25 м/с күшейеді.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.